Бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

0
658

Жиын әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі.


Бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы 27 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады.

Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.