Бүгін түнде Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы апат болды

0
719

Осыған байланысты тұрғын үйлерге берілетін жылу көлемі күрт азайған.


Бүгін түнде Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы апат болды

ERNUR.KZ. Бүгін түнде Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы апат болып, бірнеше қазандық істен шықты. Осыған байланысты тұрғын үйлерге берілетін жылу көлемі күрт азайған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Таңертең екі агрегатор іске қосылды. Бірақ бұл үйлерді толыққанды жылытуға жеткіліксіз. Алайда жауапты мекеме жақын арада жағдай реттеледі деп сендірді. Сондай-ақ, жылу энергиясының төлемі қайта есептеледі.
«Қазіргі таңда жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кешке тағы бір қазандықты іске қосу жоспарда бар», - деді "Павлодарэнерго" АҚ директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.