Бүгін «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми іске қосылды

0
978

Мемлекет басшының бастамасымен қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды.


Бүгін «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми іске қосылды

ERNUR.KZ. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 1 ақпаннан бастап 18-ге толмаған балалардың бәріне бірдей мөлшерде ақша аударыла бастайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударылады. Қаржы барлық балаға тең бөлінеді. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады.

Егер балаңыздың деректері eGov-та жоқ болса, платформада «баланы қосу» деген батырма бар. Соны басып, баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркеуге болады. Ал тіркеу кезінде ақпараттар шықпай жатса, «түзету» батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізесіз. Ата-аналар ешқандай құжат жинамайды, өйткені процесс тұтас автоматтандырылған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әділет министрлігімен бірлесіп, тиісті интеграциялық жұмыс жүргізіп отырады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражаты 10 жыл сақталады. Осы 10 жыл ішінде шоттағы қаражат талап етілмеген жағдайда сол адамның зейнетақы шотына аударылады.

Болжам бойынша 2024 жылы туған баланың шотына 18 жылда 3500 АҚШ доллары жиналуы тиіс. Ал жыл сайын шамамен 150-160 доллар аударылады.