"Бүкіл еліміздің басына түскен трагедия": Президент Жаңатастағы балалар өлімі туралы айтты

0
2 987

Мемлекет басшысы қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты.


Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.
Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді", - деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, кеше, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.