Букмекерлік конторға келген клиент оператор қызды ұрып тастады

0
1 130

Ер адамды сол жерге келген клиенттің бірі тоқтатып, артынша полиция шақырады.


Букмекерлік конторға келген клиент оператор қызды ұрып тастады

ERNUR.KZ. Букмекерлік конторға келген 40 жастағы Балқаш тұрғыны мекеменің екі қызметкерін де соққыға жықты, деп жазады sn.kz.

Алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған клиент 20 мың теңге ұтып алған. Алайда, ойын арасында ұтыла бастайды. Сол уақытта ол оператор қыздан қалған ақшасы мен чекті сұраған. Алайда, қыз чек беруден бас тартады. Оған ашуланған клиент барда тұрған оператор қызды соққыға жығып, одан қалса, сабырға шақырмақшы болған админстратор әйелді де ұрады.

Ары қарай, ашуланған клиент компьютер экранын шағып, тоққа жалғанған сымын жұлып тастаған. Алайда, мас ер адамды сол жерге келген клиенттің бірі тоқтатып, артынша полиция шақырады.

Қылмыстық істі Балқаш қалалық соты қараған. Айыпталушы алғашында кінәсінен жалтарғанымен, кейіннен толығымен мойындады. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.