​«Бүлдірген» бала елді күлкіге қарық қылды (видео)

0
3 085

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде үсті-басын әбден бүлдірген баланың монтиған түрі түсірілген бейнежазба тарап, елді күлкіге қарық етті.


​«Бүлдірген» бала елді күлкіге қарық қылды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде үсті-басын әбден бүлдірген баланың монтиған түрі түсірілген бейнежазба тарап, елді күлкіге қарық етті.

Бейнежазба инстаграмдағы @eki_ezu парақшасында жарияланған. Онда балшыққа үсті-басы, бет-аузына дейін малынған балақай өзінің кінәлі екенін сезіп, монтиып тұр. Оны түсіріп тұрған автор (әкесі немесе ағасы болуы мүмкін) «Қалай құлап қалдың-ей?! Нәзира! Мынаны қарашы... Қалай құладың? Сұлтанбай!» деген ол мәз болып күледі. Оған қосыла күлген басқа да балалардың дыбыстары бейнетаспаға жазылған. Олардың дауысында балаға ашуланудың орнына разы болғандық басым.

Бұл бейнежазбаға әлеуметтік желі қолданушылары да разы болып, өздерінің пікірлерін білдірген.

«Оңбай құлаған екен. Томпағым сол!», «Мамасынан қорқып тұр ғой! Дұрыс, нағыз жігіт осылай жүру керек!», «Болашақ көкпаршы! Мамама не деп айтам деп көзі жыпылықтап тұр ғой, сүп-сүйкімді өзі», «Ештеңе етпейді, бала солай өседі, дені сау болсын!» деседі желі қолданушылары.

Арасында «Видеоға түсірдіңдер, күлдіңдер! Енді тезірек үстін ауыстырсаңдаршы, жаурап қалады» деп мейірімділік танытқандар да болды.

Вибео әлеуметтік желіден алынды