Бүлікшілер Алматыдағы телеорталықты өртемес бұрын сол жерде намаз оқыған (видео)

0
860

Деректі фильмде бүлікшілердің телеарнаға шабуыл жасауына негізгі себеп — тікелей эфирге шығу болғаны айтылған.


Бүлікшілер Алматыдағы телеорталықты өртемес бұрын сол жерде намаз оқыған (видео)

ERNUR.KZ. КТК телеарнасы "Январь: хроника беспредела" атты деректі фильмде Алматы қаласындағы медиаорталыққа бүлікшілер қалай келгенін көрсетіп, сырттағы және іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларды жариялады, деп жазады Экспресс К.

Бұл медиаорталық Респулика алаңы,13 мекенжайында орналасқан. Видеодағы кадрға зер салсақ, бүлікшілер алдымен құлшылық етіп, намаз оқыған. Осыдан соң, кәсіби қарақшылар секілді іске кірісіп, ғимаратты бұзып-жарып ішкі кірген. Кадрдан үш адам есікті теуіп, сындырып жатқанын да байқауға болады. Араларында біреуінің бағыт-бағдар беріп, бейберекетті ұйымдастырып жүргені де видеоға түсіп қалған.

Деректі фильмде бүлікшілердің телеарнаға шабуыл жасауына негізгі себеп — тікелей эфирге шығу болғаны айтылған. Бірақ оларынан түк шықпаған соң, телевизиялық құрал-жабдықтарды сындырып, өртей бастайды.
"Олар "Мир" арнасындағы үш кабинеттің сау-тамтығын қалдырмады. Алдымен, эфирге шығатын бөлмені, сосын құжаттар тұрған қабылдау бөлмесін және жаңалықтар шығатын ньюсрум бөлмесінің астан-кестенін шығарды", — дейді "Мир" арнасының журналисі Кирилл Харламов.
"Ол жұмысты тоқтатып, бәрін бүлдірді. Бірақ сонымен тоқтамай, өртеп жібергеніне таңқалғанын айтты. Бәлкім, барлық ақпаратты құртып жібергілері келген болар. Одан басқа ешқандай ой келіп тұрған жоқ", — дейді журналист.