Бурабайда зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесі табылды

0
898

Күдікті полицияға өзі хабарласқан.


Бурабайда зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бурабай кентінде 4 әйелді зорлықпен өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін айтқан.

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапты. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды», - деді ведомстводан.