Бүркітші қазақ қызы отбасымен бірге Қазақстанға көшуді армандайды

0
1 980

Қазақстан - бұл біздің Отанымыз, болашақта отбасымызбен мәңгіге осында көшуді жоспарлаймыз", - деді Айшолпан.


Бүркітші қазақ қызы отбасымен бірге Қазақстанға көшуді армандайды

ERNUR.KZ.ERNUR.KZ. Бүкіл әлемге танымал болған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келуді жоспарлайды, деп жазады tengrinews.kz.

17 жастағы "Білім-Орда" халықаралық қоғамдық қордың грантын алғаннан кейін, Айшолпан 2018 жылдың қыркүйегінен бастап осында білім алып жатыр. Мектепте сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі, сол себепті мұғалімдер қызбен қосымша сабақтар өткізеді.


"Қазірдің өзінде Айшолпан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, үлгерімі мен бағасы бойынша ол басқа оқушылардан қалысар емес. Біздің мектепте 12 жылдық білім беру жүйесімен жұмыс істейді, сол себепті Айшолпан келесі жылы да осында білім алатын болады. Бізде Кембридж жүйесі орнатылған, ол арнайы емтихандар тапсыруы мүмкін. Соның нәтижесінде шетелдік ЖОО-ға, мысалы Гарвард және Оксфорд сынды университеттерге есік ашылады. Олар өздері де қызды оқуға шақырды, біз оны емтиханға дайындап жатырмыз. Ол шетелде білім алуды жалғастырғысы келеді", "Білім-Орда" ХҚҚ президенті Дарханбек Қожабеков.

Айшолпанның өзі Астанада оқу қиын еместігін айтады. "Мен Астанада, өз тарихи отанында білім алып жүргеніме өте қуаныштымын. Әрине, Қазақстан мен Моңғолиядағы білім беру жүйесінде айырмашылық көп. Мұнда шетелдік оқытушылар көп, барлық сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Моңғолияда тек моңғол тілінде оқытылады. Қазір мен үшін ең бастысы - жақсы оқу, ағылшын тілін жақсарту, тілді тереңдетіп меңгеру. Қыркүйек айында Америкада мен туралы кітаптың тұсаукесері болады. Бала кезден бергі арманым - шетелде білім алу", - дейді бүркітші қыз.

Болашақта Айшолпан киноға түсіп, отбасылық істі жалғастырып, бүркітші болғысы келеді.

"Бүкіл әлем біздің салт-дәстүрімізді білгенін қалаймын үйреткім келеді, адамдарды үйреткім келеді. Сонымен қатар, оқудан басқа, мен мұнда сүйікті ісіммен айналысамын. Мұнда фестивальдар, бүркітшілер арасындағы жарыстар жиі өтіп тұрады, мені осындай іс-шараларға шақырады, Моңғолиядан әкем келеді. Біз құстарға қалай күтім жасау керектігін, оларды қалай шақыру керектігін айтып береміз", - деді ол.

Үйінен алыста болуды Айшолпан үйреніп те қалған. Моңғолияда оның отбасы мектебі жоқ ауылда тұрады. Сондықтан бірінші сыныптан бастап жатақханада тұрды.

"Әрине, мен үйді сағынамын, бірақ шыдаймын. Мен Моңғолияда тудым. Бүркітімді сағындым, өйткені бала кезден бірге өттік. Сегіз жасымнан бастап бүркітші болуды үйрене бастадым. Әкеммен тауға барып, аң аулауға шығып, таза ауамен дем алатынбыз. Бірақ Қазақстан - бұл біздің Отанымыз, болашақта отбасымызбен мәңгіге осында көшуді жоспарлаймыз", - деді Айшолпан.

Айшолпан Нұрғаева бірнеше жыл бұрын бүркітшілер жарысында жеңіске жетіп, танымал болды. Сонымен қатар, ол жарысқа қатысқан ең жас қатысушы болған. Ол кезде қазақ қызы туралы барлық шетелдік БАҚ өкілдері (BBC және CNN) жазды. Ол туралы "Бүркітші" (Eagle Huntress) деректі фильм түсірілді. Ер адамдардың спорт түрімен айналысатын моңғолиялық қазақ қызы туралы деректі фильм "Оскар" кинопремиясының шорт-тізбегінде пайда болды. 2018 жылы 28 желтоқсанда ол Моңғолия президентінің марапатына ие болды.