Әлемге танылған, қазақтың құсбегілік өнерін танытқан Айшолпан Нұрғайыпқызы аталмыш фестивальге шақырылды.
ERNUR.KZ. Бүркітші қыз Айшолпанды Өскемен қонаққа шақырады, деп жазады altaynews.kz.
2019 – жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Өскеменде «Ұлы Дала жастары» атты фестиваль өтеді. Іс-шара жазға жоспарланып отыр. Фестивальде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Сондай-ақ қалалықтар бұл күні көрмеде тазы иттер мен бүркіттерді тамашалай алады.
Әлемге танылған, қазақтың құсбегілік өнерін танытқан Айшолпан Нұрғайыпқызы аталмыш фестивальдің арнайы қонағы болады деп жоспарлануда.