Бұрынғы министр Мусин Конституциялық соттың судьясы болды

0
551

Оның кандидатурасын Мәжіліс отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.


Бұрынғы министр Мусин Конституциялық соттың судьясы болды

ERNUR.KZ. Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы болып сайланды, деп жазады tengrinews.kz.

Оның кандидатурасын Мәжіліс отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.

"Қанат Сергейұлы Мусинді жақсы білесіздер, ол ұзақ жылдар бойы құқықтық қорғау және әділет органдарында қызмет етті, Мәжіліс депутаты, комитет төрағасы болды. Қазіргі уақытта ол еліміздің әділет министрі қызметін атқарады", - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Мәжіліс депутаттары Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев, Сергей Ударцевтің кандидатураларына дауыс берді. Олар жаңа қызметтеріне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

"Конституцияның 58-бабы 3-тармағы 7-тармақшасына сәйкес Парламент Мәжілісінің төрағасы Қанат Сергейұлы Мусинді, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевты, Сергей Федорұлы Ударцевті қызметке тағайындау туралы ұсыныс енгізілді", - деді Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов.

Қанат Мусин әділет министрі қызметінен босатылды.