Бұзылған ғимараттың ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

0
1 198

Баланың анасы арбада отырады.


Бұзылған ғимараттың ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Қарасу ауданындағы бұзылған ғимараттардың бірінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Баланың анасы арбада отырады. Жүкті әйелдер тізімінде болмаған. Аула аралап тексеру кезінде ол жүктілігін айтпаған. Сәбидің денесі табылған соң анасы анықталып, ол тиісті емдеу шараларынан өтті»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер сәби 2019 жылғы 28 наурызда көз жұмғанын растап отыр. Қазір осы факт бойынша соталды тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.