Былтыр өртенген Семей орманына арнайы көліктер сатып алынды

0
363

Былтырғы өрттер орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмендігін, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуының әлсіздігін анықтады.


Былтыр өртенген Семей орманына арнайы көліктер сатып алынды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп жазады baq.kz.

Былтырғы өрттер орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмендігін, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуының әлсіздігін анықтады. Осы мәселені шешу үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп республиканың барлық орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 2023-2027 жылдарға арналған азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарын әзірледі, - деді министр.

Нысанбаевтың айтуынша, жоспарда барлық кезеңге 68,6 млрд теңге сомасына шығыс көзделген. Бұл сомаға мынадай техникалар сатып алынады:

  • 1 082 арнайы көлік құралы;
  • өртке қарсы және орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған 948 тіркеме және қосымша жабдық;
  • орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату;
  • орман мекемелерінің аумағында 102 өрт-бақылау мұнарасын салу.
2023 жылы министрліктің табиғат қорғау ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 13,4 млрд теңге бөлінді. 337 арнайы көлік құралы, 655 қосымша өртке қарсы жабдық сатып алынды. «Семей орманы» резерватына арналған жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 арнайы көлік құралы сатып алынды, - деп түсіндірді Экология министрі Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның сөзінше, «АқЕртіс» қоғамдық қоры 5 шағын өрт сөндіру кешенін, өрт сөндіру автомобильдеріне арналған 15 қозғалтқышты, 20 мотопомпаны және 4 өрт сөндіру автомашинасын берді.

БҰҰДБ техникалық көмек шеңберінде 330 радиостанция мен 150 автомобиль антеннасынберді.

Министрліктің табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы 2023 жылдың соңына қарай 10% пайызға артып, барлығы 68% пайызға жетті, - деп айтты Ерлан Нысанбаев.