Былтыр табиғатты қорғауға 4,5 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған

0
793

Өңірлер арасында табиғатты қорғау шараларына ең аз шығын Жетісу облысында жұмсалыпты (993,2 млн теңге).


Былтыр табиғатты қорғауға 4,5 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған

ERNUR.KZ. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар көлемі жылдан-жылға артып келеді, деп жазады baq.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы шығын көлемі 444,5 млрд теңгені құрады, 2021 жылмен салыстырғанда бұл 6,6% көп (416,9 млрд теңге).

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың ең көп көлемі Атырау облысына тиесілі. Нақтырақ айтсақ, 100,8 млрд теңге, бұл барлық шығынның 22,6%-н құрап отыр. Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы 45,9 млрд теңге, Ақтөбе облысына 44,9 млрд теңге және Павлодар облысына 37,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Өңірлер арасында табиғатты қорғау шараларына ең аз шығын Жетісу облысында жұмсалыпты (993,2 млн теңге).

Экологияны қорғау шаралары арасында ең көп шығындар атмосфералық ауаны қорғауға және климаттың өзгеруі мәселелеріне (127,9 млрд теңге) жұмсалды. Одан кейінгі қаражаттың бір бөлігі ағын суларды тазарту (113 млрд теңге), қалдықтарды реттеу (107 млрд теңге), сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың басқа да бағыттарына арналған (64,7 млрд теңге).

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың 92,7% астамы өнеркәсіп саласына тиесілі екен. (272,3 млрд теңге).

Экологияны қорғауға арналған шығындарды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты: 354,2 млрд теңге. Республикалық бюджеттен 5,1 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге жұмсалды.