Cемейді кәріз суы басты

0
636

16 аула мен 6 үйге су кірді.


Cемейді кәріз суы басты

ERNUR.KZ. Семейде кәріз құбырының бітелуінен сыртқа аққан су 16 аула мен 6 үйге кірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

«6 ақпанда сағат 18.02-де Семей қаласындағы көшелердің бірінде Д-1000 мм құбыр кәріз дюкері бітеліп қалды. Апат болған сәттен бастап коммуналдық қызметтер автомобиль жолы мен жеке тұрғын үй секторының бойын үйіндімен бекіту жұмыстарын бастады, сондай-ақ жеке сектордың аула аумақтарына кірген суды сорып шығару жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар кәріз суы деңгейінің көтерілуі жалғаса бергендіктен, қосымша күштер мен құралдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады. 7 ақпандағы жағдай бойынша, оқиға орнында топырақ төгу, сондай-ақ кәріз қалдықтарын сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, 16 аула мен 6 үйге су кірді.

«ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің күшімен үйлерге судың қайта кіруіне жол бермеу мақсатында инертті материалдар салынған 600 данадан астам қап төселді. Қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда. Апатты жоюға әкімдіктен, ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінен 115 адам және 46 бірлік техника жұмылдырылды», - деп нақтылады министрліктен.