Чек берілмегені туралы айтсаңыз, мың теңге сыйақы төлейді

0
508

Сыйақыны осы бағытта мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған оператор бұзушылық фактісі расталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұялы телефонның теңгеріміне аударатын болады.


Чек берілмегені туралы айтсаңыз, мың теңге сыйақы төлейді

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі бақылау-кассалық машинасын және төлем карталарын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану туралы заң бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеу ережесін бекітті, деп жазады baq.kz.

Ережеге сәйкес, бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлға 1000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Осындай факті туралы хабарлау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына мобильді қосымша арқылы бұзушылық туралы хабарлау қажет.

Егер бұзушылық фактісі расталса, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сыйақыны осы бағытта мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған оператор бұзушылық фактісі расталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұялы телефонның теңгеріміне аударатын болады.