Чупа-чупстың ішінен құмырсқа шықты деп дабыл қаққан ер кісі елге жақпай қалды (видео)

0
2 457

ERNUR.KZ. Бұған дейін нан мен кәмпиттің ішінен шыққан құрт-құмырсқаларды көрген жұрт үшін мұндай жаға ұстатарлық жайт үйреншікті болып қалды ма, әйтеуір балалар тәттісі чупа-чупстың ішінен құмырсқа шықты деп дабыл қаққан ер кісіні ел сөгіп тастады.

Тіпті тәттіге жәндікті өзің салып, елді ушықтырмақ болдың деп кінә таққандары да болды. Тарқатып айтар болсақ, әлдекім ер кісі чупа-чупстың ішінен құмырсқа шыққан сәтін видеоға түсіріп, елге ескертпе жасамақ болады. «Чупа-чупстың ішінен шыққан екен. Жыбырлап жатыр, іші тола құмырсқа екен. Абайлаңдар, міне көрдіңдер ме, жаңа ғана аштық» дейді видеоны түсіруші азамат. Бұл видео желіге жүктеліп, елдің қызу талқысына түсті. Оны көргендер басым көпшілігі «Абай болыңыздар» деген ер кісіге өре түрегелді.

«Олар әлдеқашан өліп қалар еді. Құрт-құмырсқа мұндай орында аман қалмайды. Бірді химикат ол тәтті», «Он жыл бұрынғы чупа-чупс қой, көрініп тұр. Қабығының бояуы ағарып кеткен, саған соны біреу ашсын деді ме?», «Үйді тазалау керек, көрініп тұр ғой үйдің құмырсқалары екен. Бәлкім балаға беріп, ол бір тістеген соң үйдің әр бұрышында жатқан шығар», «Ұялмайсың ба азамат басыңмен өтірік айтуға», «Құмырсқалар өліп қалған болса, сенуге болатын еді. Мынау жыбырлап тірі жүр ғой. Демек тәттіге үйірілгеніне көп болмаған» деп сынның астына алды желідегілер. Дегенмен пікір қалдырушылар арасында «Масқара», «Мынау не сұмдық?», «Ішінен не шықпайды дейсің?.. Ондай болады, мен Ресей кәмпитінің ішінен құрт көрдім, өзім ашып жемек болған кезде», «Мына әлемде не боп барады? Енді балалардың тәттісімен осылай уламақ па?» деп жағаларын ұстағандары да бар.

Айтпақшы, видео авторы мұндай тәттіні қайдан сатып алғанын айтуды ұмытып кеткендіктен бұл жағдай еліміздің қай өңірінде орын алғаны белгісіз.

Видео: желіден алынды