CҚО-да жартылай фабрикат өнімдерден ішек таяқшалары табылған

0
1 795

Инфекцияға толған өнім қазан айының 7-нен 10-ына дейін шығарылған екен.


CҚО-да жартылай фабрикат өнімдерден ішек таяқшалары табылған

ERNUR.KZ. Аталған инфекцияны қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары ауылдық дүкенде сатылған голубцы мен тефтель өнімдерінен анықтаған, деп жазады baq.kz.

Құзырлы орган мамандары барлық тағамды тәркілеп, тауарды өндірген кәсіпорында тексеріс жұмысын қолға алды.

Айтуларынша, ішек таяқшалары көп жағдайда гигиеналық талаптар сақтамағандықтан пайда болады. Инфекцияға толған өнім қазан айының 7-нен 10-ына дейін шығарылған екен.
Қазір департамент қызметкерлері тауар партиясын басқа дүкендерден іздестіріп жатыр. Артынша, бүлінген азық жойылатын болады.
Айта кету керек, жартылай фабрикат өнімдерді пісірген кезде, ішек таяқшалары ыстық суға төзбей, өліп қалады дейді сала қызметкерлері.
"Тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталатын болса, жеке кәсіпкер 425-бап бойынша 230 айлық есептік көрсеткішке дейін жаза тағайындалады. Және де қалған тауарлар алынып, оны утилизациялауға шаралар қолданады", - деді Петропавл қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.