Қосымша төлемдер жоғары тәуекелмен белгіленеді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметі қаулы қабылдады, оған сәйкес медицина қызметкерлеріне COVID-19-ға қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шаралардағы жұмысы үшін қосымша ақы төленетін болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Сонымен, қосымша төлемдер жоғары тәуекелмен белгіленеді. Ол реанимация бөлімшелерін және басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық персоналына тиесілі.
Орташа тәуекел. Бұл зертхана қызметкерлеріне, санэпидқызмет мамандарына, зертхана мамандарына және зертханашыларға қолданылады.
Қосымша төлемдер төмен тәуекелде де белгіленеді. Бұл норма провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық персоналына; орталық атқарушы органдардың әскери-медициналық бөлімшелерінің дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық персоналына; сондай-ақ жедел медициналық көмектің дәрігерлеріне, фельдшерлері мен жүргізушілеріне, шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты.
КВИ үшін жаңа қосымша ақы белгілеу үшін республикалық бюджет комиссиясының шешімімен 14 млрд теңге сомасында қосымша қаражат бөлінді, олар денсаулық сақтау субъектілеріне жеткізілді.
Бұл ретте дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел медициналық жәрдем жүргізушілеріне осы қосымша ақыны төлеу COVID-19 коронавирус инфекциясының диагнозы расталған пациентке (пациенттерге) бір және одан да көп шақыру болған кезде нақты жұмыс істеген ауысымы үшін жүргізіледі.
Айта кету керек, COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардағы жұмысы үшін алдыңғы үстемеақылар 2021 жылғы 1 қазанға дейін төленген уақытша төлемдер болды, ал жаңа тәсілдерде жаңа үстемеақылар қызметкер жалақысының негізгі бөлігіне енгізілді және тұрақты сипаттағы төлемдер болып табылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пандемия кезеңінде ғана 1 171 бірлік автокөлікті жаңартты. Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизингтік төлемдерді өтеуге 2020-2021 жылдары өңірлердің жедел медициналық көмек қызметтері үшін 15,6 млрд.теңге бөлінді. 2023-2024 жылдарға 20,2 млрд теңге жоспарланған: 2023 жылы - 10,5 млрд теңге, 2024 жылы – 9,7 млрд теңге.