Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

0
274

Қазақстан президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді», — деп жазды баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Айта кетейік, кеше Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасаған болатын.