Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды - дереккөз

0
1 050

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкке 2015 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін басшылық еткен.


Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды - дереккөз

ERNUR.KZ. Данияр Ақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы телеграм-арнасындағы @kazebitda хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Арнаның мәліметінше, тергеу толықтай жүргізіліп, оның аяқталуына аз уақыт қалды.

БЖЗҚ-ның Лондон биржасынан Қазатомөнеркәсіп акцияларын сатып алып, оны KASE-ге қою арқылы саудалауы қылмыстық қудалауға негіздің бірі ретінде алынғаны айтылады.
Тағы бір себебі – теңге бағамымен «ойнауы». Аудиторлар бұл ретте бірнеше заңсыздықтарды байқап, одан жақсы табыс тапқан компанияларды анықтаған.

Бас прокуратураға бұл мәліметтің анық-қанықтығын нақтылау үшін өтініш түскен. Оның жауабы дереу арада жарияланатын болады.

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкке 2015 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін басшылық еткен.