Дәрігерлер 1,5 жасар баланың өңешіне тұрып қалған тиын алып тастады

0
1 519

Дәрігер дереу отасыз «Катетер фолея» аппаратын қолданып, тиынды баланың ішінен шығарып алған.


Дәрігерлер 1,5 жасар баланың өңешіне тұрып қалған тиын алып тастады

ERNUR.KZ. Ақтауда бір жарым жасар баланың өңешінен 10 теңгелік тиын алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

22 сәуір күні облыстық ауруxананың қабылдау бөліміне бір жарым жасар бала келіп түсті. Бүлдіршіннің тыныс алуы қиындап, жөтеле берген. Дәрігерлер дереу рентгенге түсіріп, баланың ішінде бөгде заттың барын анықтайды.

Дәрігер Насуxан Отарғазиев дереу отасыз «Катетер фолея» аппаратын қолданып, тиынды баланың ішінен шығарып алады. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің xабарлауынша, қазір баланың жағдайы бірқалыпты.