Дәрігерлер балабақша терезесінен құлаған қыздың жағдайын айтты

0
1 347

Бүлдіршін екінші қабаттан құлап, жарақат алған болатын.


Дәрігерлер балабақша терезесінен құлаған қыздың жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласындағы балалар шағын орталығының терезесінен құлап кеткен екі жасар қыз Аруна Қуанышқызы ата-анасын тани бастады. Қыз бала дәрігерлердің тұрақты қадағалауымен қарқынды ем алып жатыр, деп жазады Stan.kz.

Денсаулық сақтау қызметкерлері оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп санайды. Баланың құлауына байланысты педагогтің кінәсі тергеу барысында анықталды, педагог жұмысынан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік,оқиға 15 мамырда Талдықорғандағы шағын орталықтардың бірінде орын алған болатын.

"Баланың жағдайы салыстырмалы түрде тұрақтандырылған. Бала есін біледі, бірақ әлі де жарақатқа байланысты әлсіз күйде. Интенсивті терапия қажет болғанша, бала қарқынды күтімде болады, - деді реаниматолог Әл-Акбар Бекұлы.