Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.
ERNUR.KZ. Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда", - деді Жанна Ермекова.
Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.
Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.