Дариға Назарбаева Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты

0
772

Тұңғыш президенттің үлкен қызы партияның саяси кеңесінің құрамында жоқ. Сол сияқты бұл тізімге Асқар Мамин мен Бауыржан Байбек те енбеді.


Дариға Назарбаева Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясының саяси кеңесінің құрамы жаңартылды, деп жазады sputnik.kz.

Тізімде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жоқ.

"Спикер Әшімбаев, спикер Нығматулин және басқалар саяси кеңестегі орнын сақтап қалды. Кеңеске келгендер арасында политех ректоры Бегентаев, агробизнесмен Зенченко, ПӘ жетекшісі Қошанов, бұрынғы футболшы Лория, астана әкімінің орынбасары Оралов, мәжілісмендер Саиров пен Сарым, саясаттанушы Шибутов және басқалар бар, - деп жазады өзінің Telegram-каналында саяси шолушы Ғазиз Әбішев.

Енді Саяси кеңесте Бауыржан Байбек, депутат Дариға Назарбаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, Дархан Кәлетаев, министр Дәурен Абаев, әкім Гүлшара Әбдіқалықова және басқалар жоқ, деді саяси шолушы.