Дариға Назарбаева сенат отырысын маңызды мәлімдемемен ашты

0
786

Назарбаева жыл басында депутаттар өңірлерде сапар шегіп, халықтың жағдайын, заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу деңгейін көріп, жергілікті өкілді органдардың қызметімен танысқанын атап өтті.


Дариға Назарбаева сенат отырысын маңызды мәлімдемемен ашты

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жоғары палатаның 2020 жылдағы алғашқы отырысында бірқатар маңызды ұсыныс айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Назарбаева жыл басында депутаттар өңірлерде сапар шегіп, халықтың жағдайын, заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу деңгейін көріп, жергілікті өкілді органдардың қызметімен танысқанын атап өтті.

"Еліміздің түпкір-түпкірінде қазақстандықтарды алаңдатып отырған жергілікті жерлердегі шешімі табылмаған мәселелерді көзбе-көз көріп, шешімін табуды қажет ететін сұрақтарды тыңдалды. Енді оларды шешу жолдарын қарастыру қажет. Бұл мәселелердің көпшілігі депутаттық сауалдар мен сұрақтарға негіз болады, парламенттік тыңдауларда, үкімет сағаттарында және түрлі кездесулерде көтеріліп, ұсынымдарға енгізіліп, комитеттердің жұмыс жоспарларында ескеріледі. Үкіметке депутаттық сауал ретінде жеткізіп қана қоймай, орындалуын қадағалау керек, бұл үшін депутатқа берілген мүмкіндіктерді толығымен пайдаланыңыздар.", - деді Назарбаева сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, биыл 80-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы саласының проблемаларын кәсіби түрде кеңінен талқылау үшін сенат жанынан Агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңес құру көзделуде.

"Жақында үкімет заң жобалау жұмыстарының осы жылға арналған жоспарын бекітті. 2020 жылғы жоспар жобасына маңызды мәселелерді шешуге, тұңғыш президент–Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілген. Осыған байланысты, комитеттер алдын ала заң жобасын әзірлеушілермен заңнамалық жұмыстарды үйлестіру қажет. Біз осы заңнамалық қызмет пен бірге халықты алаңдататын өзекті мәселелер бойынша үкіметке нақты ұсыныстар беріп, тиісті заңдарға түзетулер енгізуіміз керек", - деді спикер.

Сонымен қатар, Назарбаева құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейту керек екенін айтты. Осы арқылы азаматтардың құқығын қорғаудың кепілдіктерін арттыруды ұсынды.

Сондай-ақ, ұсыныстардың арасында:

  • шынайы дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталмаған мәліметтермен қылмыстық жауаптылыққа тартуға, тек куәлік ету негізінде жауапкершілікке тарту мен соттауға тыйым салу;
  • әкімшілік юстицияны енгізу, заңнамадағы барлық түсініксіз қарама-қайшылықтарды азаматтар мен бизнестің пайдасына түсіндіруді қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасқа тең жағдай жасау;
  • жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту де бар.

"Біз өз тарапымыздан заң қабылдау қызметіне жауапкершілікпен қарап, дер кезінде орындауға міндеттіміз", - деп түйіндеді сөзін Назарбаева.