Дәурен Абаев: Қазақстандық мектептер 6 сәуірден бастап қашықтан оқытуға көшеді

0
1 386

"Балапан" арнасында видеосабақтар көрсетіледі, олар қосымша ақпарат болып есептеледі.


Дәурен Абаев: Қазақстандық мектептер 6 сәуірден бастап қашықтан оқытуға көшеді

ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі мектептерде сабақ қашан басталатыны жөнінде Республикалық Орталық Коммуникациялық қызмет орталығындағы брифингісінде айтты, деп жазады Stan.kz.

Мектеп оқушылары төртінші тоқсанды қашықтан оқитын болады. Министр қашықтан оқытуда қосымша ретінде қазақ тілінде "Балапан" және орыс тілінде "Ел арна" телеарналары бойынша бейнесабақ болатынын айтты.

"Алтыншы сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жөнінде барлық жаңалықты жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ",- деді Абаев брифингте.

Министр бұл мәселе үкіметтің құзіретінде екенін атап өтті. Барлығы алдын ала хабарланады деп сендірді.

Қосымша шара ретінде "Балапан" және "Ел арна" телеранасынан қосымша видео сабақтар көрсетіледі. Оларды білім және ғылым министрлігі дайындаған.