Дәурен Абаевтың орнына Аида Балаева тағайындалды

0
917

А.Балаева Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.


Дәурен Абаевтың орнына Аида Балаева тағайындалды

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Сондай-ақ Президент жарлығымен А.Балаева Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.