Бұл сұраққа ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының неліктен QazVac вакцинасын әлі күнге дейін тіркемей отырғанын түсіндірді, деп жазады Azattyq Rýhy.
«ДДСҰ QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшінші деңгейге дейін жеткізуі қажет. Басқаша айтқанда, республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Оның айтуынша, осының барлығын ретке келтіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт кетеді деген сарапшылар пікіріне қарамастан, былтыр іс жүзінде 7 айдың ішінде Қазақстан ұлттық реттеушінің екінші деңгейіне шықты.
«Бұл фактіні біздің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкестігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», - деді Е. Тоғжанов.
Айта кетсек, отандық мамандар әлемде қолданылатын 14 вакцинаның бірі ретінде QazVac препаратын шығарды. Қазақстан – өзінің вакцинасын әзірлеген әлемдегі бесінші ел. Б.гінде препараттың айына 500 мың дозасы өндіріледі, оның тиімділігі – шамамен 86%, әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.