ДДҰ-ның сайтында Қазақстандағы суицид туралы ақпарат өзгертілді

0
557

Қазіргі уақытта ДДҰ-ның ресми сайты штаттық режимде жұмыс істейді және жалпыға қол жетімді.


ДДҰ-ның сайтында Қазақстандағы суицид туралы ақпарат өзгертілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты жұмыс істеп тұр, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен жылы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int) бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып қолжетімділік шектелген еді.

Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында (www.who.int) суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді.

Қазіргі уақытта ДДҰ-ның ресми сайты штаттық режимде жұмыс істейді және жалпыға қол жетімді.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 190-нан астам мемлекеті мүшелері болып табылатын БҰҰ жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жұмысты бағыттаушы және үйлестіруші орган.