Декларация: қазақстандықтарға жеке мүлік құжаттарын түгендей беру ұсынылды

0
440

2025 жылдан бастап барлық қазақстандық декларация тапсырады.


Декларация: қазақстандықтарға жеке мүлік құжаттарын түгендей беру ұсынылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда шенеуніктердің декларациясын көпшілікке жариялау мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Ол 2025 жылдан бастап барлық қазақстандық декларация тапсыратынын еске салып, азаматтарды дайындалуға шақырды.

"2025 жылдан бастап барлық азамат өз мүлкін, ақшасын, мүліктің басқа да түрлерін, бағалы қағаздарын көрсетеді, сондықтан қазір олар барлық мүлкін декларацияда толық көрсету үшін бастапқы дереккөздерді – құжаттарды іздеуді қолға алу керек. Жариялылық мәселесі талқыланады. Мен және менің отбасым былтыр мүлкімізді, ақшамызды және т.б. жариялаған болатынмын. Енді жыл сайын қайталама декларация тапсырамыз", - деді Жамаубаев Мәжіліс кулуарында.

Ол 2025 жылға қарай жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталатынын, одан кейін декларацияларды жария ету туралы шешім қабылданатынын атап өтті.

"Мұны бизнеспен, мемлекеттік органдармен қосымша талқылау қажет болады. (...) Мен өз декларациямды кадр қызметіне тапсырдым. Бірақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жариялауға мораторий болғандықтан, оны кадрлар қызметі әлі жариялаған жоқ. Барлығының декларациясын жариялауға қатысты норма барлығы үшін, яғни мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, ірі кәсіпкерлер мен студенттер үшін бірдей болуы тиіс деп санаймын", - деді министр.