"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 8, 9 және 10 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың айтуынша, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады: нөсер жаңбырдан бастап аптап ыстыққа дейін, деп жазады Zakon.kz.
Метеорологтар алдағы күндері Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлады.
"Көптеген облыстарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіСонымен бірге Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа ағыла береді.
"Нәтижесінде, облыстың басым бөлігінде термометрлер +27+35°, оңтүстікте +35+42°-қа дейін көтеріледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіБұған дейін 7 маусымда Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болған.