Дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңадан үстемеақы қосылады

0
2 474

Білім министрі мұғалімдерді қуантатын жақсы жаңалықты бөлісті.


Дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңадан үстемеақы қосылады

Иллюстрациялық фото

2021 жылдың 1 қаңтарынан дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында мәлім етті.
«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады. Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр» деп жазды министр.
Оның атап өтуінше, мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады.
Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.
«Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту үшін маңызды екені сөзсіз»,- деді Асхат Аймағамбетов.