Қылмыскер атанған ару осымен екінші мәрте ана атанды.
ERNUR.KZ. Денис Теннің өліміне қатысты істе қылмысты дер кезінде xабарламағаны үшін сотталған Жанар Толыбаева балалы болды, деп жазады ktk.kz.
Алматы қалалық сотының сот алқасы Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың апелляциялық шағымын қарауға кірісті. Арман Құдайбергенов пен Нұралы Кияасов Денис Тенді өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Іске қатысы бар үшінші тұлға жүкті Жанар Толыбаева 4 жылға қамалған. Үкім шыққаннан кейін 2 аптадан соң сотталғандар сотқа шағым түсірген. Сот отырысында адвокат Амангелді Сариев 2019 жылдың 6 наурызында Жанар Толыбаеваның түрмеде ұл тапқанын хабарлады.
Қылмыскер атанған ару осымен екінші мәрте ана атанды. Бұл баласынан бөлек оның төрт жасар ұлы бар. Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автоұрылар қолынан қаза тапты.