Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт артқанын түсіндірді

0
654

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 30 579 дерегі тіркелді.


Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт артқанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 30 579 дерегі тіркелді. 26 533 адам одан емдлеліп, жазлды, өкінішке қарай, 337 адам қайтыс болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов емделіп, жазылған науқастарға қатысты статистикалық мәліметтер бойынша жағдайды түсіндірді, оларда ПТР сынамалары теріс нәтиже көрсеткен.

- 14 қыркүйекте coronavirus.kz веб-сайтында коронавирус инфекциясына ұқсас пневмониядан жазылған 6 853 науқас туралы ақпарат жарияланды. 15 қыркүйекте статистиканы көргендер бұл статистиканың өсіп, 26 335 адамға жеткенін байқады. Бұл өсім 1-13 тамыз аралығында стационарлық деңгейде де, амбулаториялық деңгейде де емделген барлық науқастардың мәліметі дерекқорға бір-ақ енгізілуіне байланысты болды. Осы жағынан алғанда, біз КВИ белгілері бар пневмониядан емделіп, жазылған адамдардың ауырып жатқандардан асты деп айта аламыз, - деді ол.