Бүгінгі күнде 32 өтініш қарастырылды.
2018 жылдың 21 маусымдағы жағдай бойынша Фармация комитетінің kf@mz.gov.kz электронды мекен-жайына азаматтардан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 80 өтініш келіп түсті, оның 50%-і Астана, Алматы қалаларынан (44 өтінім) келіп түскен, ал Қарағанды және Павлодар облыстарынан өтініштер келіп түскен жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күнде 32 өтініш қарастырылды, 23 өтініш бойынша науқастар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, 3 өтініш бойынша қамтамасыз етілу фактісі расталмады, медициналық қызметтің сапасыз көрсетілу бойынша 1 өтініш Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне жіберілді. Қалған өтініштер бойынша өңдеу жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ауытқуларға жол бермеу мақсатында, диспансерлік есепте тұрған, мамыр-маусым аралығында барлық қант диабетін емдеуге арналған дәрілермен (бұйрық №666) тізбесіне сәйкес қамтамасыз етілмеген азаматтарға, аты-жөні, ЖСН, контактілерін, емхана нөмерін және қай елді мекеннен екені туралы ақпаратын kf@mz.gov.kz электрондық адресіне жолдауларын сұраған болатын.