Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға 38 млрд бөлінді

0
489

«Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бөлінген 38 млрд қалай игеріліп жатыр. Ақша жете ме?» – деген сауал қойды депутат вице-министрге.


Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға 38 млрд бөлінді

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтан қазына қаржысы қалай игеріліп жатқанын сұрады. Халық қалаулысы қомақты қаражат 2016-2020 жылдар аралығында бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бөлінген 38 млрд қалай игеріліп жатыр. Ақша жете ме?» – деген сауал қойды депутат вице-министрге.

Жандос Бүркітбаев қаражат тиісінше игеріліп жатқанын, денсаулық сақтау министрлігінің саланы цифрландыру мәселесін кезең-кезеңмен толық шешуге мүмкіндігі бар екенін айтты.

Вице-министрдің депутатқа берген жауабы дерексіз, дәйексіз, сенімсіз болды. Осының түсінген депутат мәселені ары қарай қазбалаған жоқ.