​ Депутат 7 800 теңгенің көмірі 25 мың теңгеден сатылып жатқан аймақтар барын айтты

0
700

Депутаттық сауал аймақтарда тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігіне байланысты қалыптасқан жағдай жайында.


​ Депутат 7 800 теңгенің көмірі 25 мың теңгеден сатылып жатқан аймақтар барын айтты

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров өңірлердегі жағдайға байланысты Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп жазады baq.kz.

Депутаттық сауал аймақтарда тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігіне байланысты қалыптасқан жағдай жайында.

Елімізде көмірдің жүйелі жетіспеушілігіне объективті алғышарттар болмаса да, ел азаматтарының моральдық-психологиялық жағдайына кері әсер ететін дүрлікпе жүріп жатыр. Осындай жағдай көмір өндіру бойынша әлемнің 10 елінің қатарына енетін мемлекетте болып отыр. Бүгінгі күні тұтынушыға көмірді жеткізу және сату тізбегінде шамамен 10-ға жуық буын қалыптасқан. Олар көмір өндіру разъезі, теміржолмен жөнелтуге арналған тиеу пунктері, теміржол арқылы тасымалдау, теміржол тұйықтарында қабылдау терминалдары көмірді тұтынушыға жеткізетін пунктер. Осы кезеңнің барлығында әркім өз пайдасын қымқыруға тырысады. Осыған байланысты баға қымбаттай береді. Яғни көмір бағасын делдалдық құрылымдар нұсқап отыр, - деді Саиров.

Оның сөзінше, көмірді биржалық саудалаудың ережелері делдал кәсіпорындарға көмірді үлкен көлемде сатып алуға және оны бірден разъезден 2-3 есе қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді деп айтуға барлық негіз бар.

Сату нүктелеріндегі көмірдің жетіспеушілігі оны жеткізетін вагондардың тапшылығына да байланысты. Сондықтан көмір разъезден сату нүктесіне 6 күнде емес, 16 күнде жеткізіліп отыр. Бүгінгі күні разъезден тоннасы шамамен 7 800 теңгеден сатылып жатқан көмір Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл-аймақтарында тоннасы 25-30 мың теңгеден сатылуда. Осылайша баға тұтынушы үшін бастапқы бағадан 3-4 есеге өседі. Бұл ауылдағы ағайынның қалтасы мүлдем көтермейтін баға. Осы «қып-қызыл» бағаға көмірдің өзі тапшы. Қақаған қыста азаматтар ақшасын төлеп қойып, көмірді тосуға мәжбүр. Көмірдің қымбаттығынан оны сатып алу үшін банктен несие алып жатырмыз деген хабар да жетуде, - дейді депутат.

Депутаттар азаматтар үшін тұрмыстық көмірді қолжетімді және әділ бағамен сатылуы тиіс екенін айтты.

Халыққа тұрмыстық көмірді жеткізудің өткір әлеуметтік мағыздылығын ескеру қажет. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық тұтынуы үшін көмірдің нормативтік қорын қалыптастыруды жетел қалыптастыру, көмірді сату орындарынан тасымалдау үшін қажетті вагон санын бөлуге басымдық беру, көмір бағасын қалыптастырудың ашықтығын және көмірді көтерме сатып алушылар арасындағы бәсекелестікті барынша қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді болдырмау, тұрмыстық көмір тұтынушылардың түпкілікті бағасын қалыптастыруға делдалдық байланыстардың әсерін болдырмау бойынша жұмыс жүргізу қажет, - деп өз ұсынысын айтты Ерлан Саиров Мәжілісте.