Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

0
513

Ізін суытқан жігіт кешеден бері табылмай жатыр.


Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлім етті, деп жазады stan.kz.

Айтуынша, оған сол бөлім бастығының бақылауында болу бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын. Ізін суытқан жігіт кешеден бері табылмай жатыр.

"BMW-мен кетіп қалған. Көрген адамдар болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыздар", - деп жазды заңгер.

Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді.