Бізде Forbes тізімінде 160 миллионер мен миллиардер бар.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жылумен жабдықтау проблемаларын Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер көмегімен шешуді ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.
"Қаржыны қайдан аламыз? Тарифті шексіз көтере бермейміз, бюджеттен - шектеулер бар, инвестиция да тарифке байланысты, ертең оны көтеруге тура келеді. Бір ұсыныс бар, мүмкін оны популистік деп айтатын шығарсыздар. Бізде Forbes тізімінде 160 миллионер мен миллиардер бар. Солардың 20-сын алып, өңірлер бойынша бөлуді ұсынамын, солар көмектессін. Олар мемлекетіміздің есебінен байыған екен, енді халыққа, мемлекетке көмектессін. Олардың мүмкіндігі бар", - деді Жаңбыршин.
Бірақ депутат мұндай қымбат және тиімсіз жобаларға миллиардерлерді қалай тарту керек екенін айтқан жоқ.