Депутат қарасораны медициналық мақсатта қолдануға рұқсат беруді ұсынды

0
419

Шу жерінде 140 мың гектар жерде жабайы қарасора өседі.


Депутат қарасораны медициналық мақсатта қолдануға рұқсат беруді ұсынды

ERNUR.KZ. Сенатор Бекболат Орынбеков еліміздің оңтүстік өңірлерінің аумағында есірткі заттарының кеңінен таралу проблемалары туралы депутаттық сауалын жолдады, деп жазады stan.kz.

Айтуынша, Шу жерінде 140 мың гектар жерде жабайы қарасора өседі. Ал аймақта жастардың табысы болмағандықтан, осы өсімдіктен өндірілетін есірткі заттарын сатуға араласады.

Сонымен қатар, сенатор синтетикалық есірткінің белсенді таралуына алаңдаулы.

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нашақорлардың саны – 18 136. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары бес айдың қорытындысы бойынша 1072 есірткі қылмысын анықтады. Сонымен қатар есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаудың 203 фактісі анықталды", – деп атап өтті депутат.

Сенатордың пікірінше, жабайы қарасораны мақсатты пайдалану қажет, солай ғана есірткі проблемасын шеше аламыз. Ол үшін депутат бірнеше ұсыныс айтты.

"Қолда бар тәжірибені ескере отырып, заңнаманы зерделеуді ұсынамын. Өнеркәсіптік немесе медициналық мақсаттарда, оның ішінде "Химпарк Тараз" арнайы экономикалық аймағында өсімдік шикізатын қайта өңдеу жөніндегі өндірістер кешенін құруды ұсынамын. "Қазақстан ғарыш сапары" технологияларын пайдалана отырып, оның шоғырлану ошақтарының картасын жасай отырып, жабайы қарасораның өсу алаңын зерделеу керек, – деп мәлімдеді Орынбеков.