Депутат Жигули Дайрабаев премьер Бектеновтің мақтауына ие болды

0
533

Үкімет басшысы министрлерге депутаттармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.


Депутат Жигули Дайрабаев премьер Бектеновтің мақтауына ие болды

ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетіне депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуді тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бектеновтің айтуынша, ол кеше мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевпен кездескен.

«Оның ауыл шаруашылығын дамыту, шекаралас елді мекендер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарды қолдау және басқа да бағыттар бойынша көптеген идеясы бар. Айдарбек Сейпілұлы (ауыл шаруашылығы министрі), депутатпен кездесіп, бәрін егжей-тегжейлі талқылап, маған нақты ұсыныстар енгізіңіз. Жалпы, депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жасау керек», — деді ол үкімет отырысында.

Президенттің қайта өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу туралы тапсырмасын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несие беру, жаңа нарықтарды ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру көзделген.

Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.