Депутаттар "Күнделік" электронды жүйесін тексеруді талап етті

0
842

Депутаттар бір емес, бірнеше рет келеңсіздіктерге ұшыраған платформаның өзін де сынға алды.


Депутаттар

ERNUR.KZ. Депутаттар Бас прокуратурадан "Күнделік" электронды жүйесін тексеруді талап етуде. Жыл сайын мемлекеттен 800 миллион теңге жұмсалатын порталдың қаражаты қалай қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын білуді тапсырды, деп жазады stan.kz.

Депутаттар бір емес, бірнеше рет келеңсіздіктерге ұшыраған платформаның өзін де сынға алды. Ашынған ата-аналар сайттан ұятсыз жарнаманы анықтаған. Осыған орай мәжілісте балалардың жеке деректеріне қатысты мәселе көтерілді. Сондай-ақ, депутаттар бұл қызметті шетелдік компания жүргізетінін еске салды.

“Бұл 2030 жылға дейін барлық мектептерде қолданылуы тиіс жалғыз электронды жүйе. Ертең бұл деректер жоғалса, жарнама берушілерге сатылса немесе зиянды жолмен пайдаланылса, кім жауапты болады?”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.