Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді

0
437

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде Қаулылар қабылдады.


Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді

Үкімет Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің және әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында "Парламент депутаттарының, үкімет мүшелерінің, барлық деңгейдегі әкімдердің еңбекақысын көтеруге мораторий енгізу туралы" қаулы қабылданды", - делінген үкімет сайтындағы хабарламада.

Сонымен қатар үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді.

Құжат жекешелендірілетін мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жарияланады.