"Diamond Princess" кемесінде болған қазақстандықтар енді Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды

0
774

Олар күні кеше Токиодан оралды.


ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Жапонияда Diamond Princess круиздік кемесінде болған төрт отандасымыздың елге оралғанын, қазір олар Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

2020 жылы 23 ақпанда Токиодан Нұр-Сұлтанға 20 Қазақстан азаматы бар ұшақ келді (олардың 4-уі – карантинге жабылған кеме жолаушылары). Олардың барлығы медициналық және зертханалық сараптама үшін карантинге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Барлығының денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қосымша бақылау үшін ауруханаға түскен барлық сынамалар Алматыдағы Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жіберілді.

Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалау әдістемесі мықтап игерілген, деп хабарлады министрліктегілер.

Коронавирусқа қатысты еліміздегі жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің қатаң бақылауда екені де атап өтілді.

Бұған дейін коронавирусты жұқтырған круиздік кемеде төрт қазақстандық бар екені хабарланған болатын: жанында екі немересі бар әйел. ҚР СІМ олардың отандарына өз қаражаттары есебінен оралатынын айтты. 21 ақпанда коронавирусқа тексеріліп, нәтижесі теріс болғандықтан, олардың кемеден босап шыққаны белгілі болды.