Концертті әлемнің 100-ден астам елінен көрді.
ERNUR.KZ. «DIMASH DIGITAL SHOW» әлемдік пандемия басталғаннан бергі әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Шоу барысында қазақстандық орындаушы 6 тілде: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде ән айтты. Сондай-ақ ол бұрын соңды болмаған жаңа мазмұнды ұсынды: әндер, олардың арасында әншінің өзі жазған композициялар бар. Онлайн-формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears-ке Димаштың концертін үйден шықпай-ақ тамашалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ концертті «көру» географиясы да айтарлықтай кеңейді: Dears «DIMASH DIGITAL SHOW» концертін әлемнің 100-ден астам елінен көрді.
Tixr америкалық стримингтік платформасы өкілдерінің айтуынша, алғаш рет шетелдік орындаушының концертіне билеттер сату осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.
Димаш көптеген жанкүйеріне жаңа форматқа қарамастан, оның алғашқы онлайн-концертін қолдағаны үшін алғыс білдірді.
«Менің алғашқы онлайн-концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рахмет! Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан мен бүгін сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесемде, менің жаным сіздердің барлық қолдауларыңыз бен күш-жігерлеріңізді сезінді, сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіз! Бүгінгі шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен өте жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!», - деді Димаш Құдайберген.