Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

0
265

Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды.


Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

ERNUR.KZ. Аты әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігі мұражайға қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!", – деп жазды ол.