Дипломат: Ауған халқынан қорқудың қажеті жоқ

0
985

Тәліптер ел билігін қолына алғалы халық жан-жаққа бас сауғалап қашып жатқаны белгілі.


Дипломат: Ауған халқынан қорқудың қажеті жоқ

ERNUR.KZ. «Желмая» жобасына келіп сұхбат берген Қазақстанның Ауғанстандағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Өміртай Бітімов ауған халқы туралы өз пікірімен бөлісті, деп жазады baq.kz.

"Ауған халқынан қорқудың қажеті жоқ. Олар да қарапайым халық. Менің ауғандық бір депутат досым болатын. Ол маған ауған халқы бұрын осындай діншіл болған жоқпыз. Мұсылман мемлекеті, бірақ радикалдық ағымдар болмады деп отыратын", - дейді елші.

Тәліптер ел билігін қолына алғалы халық жан-жаққа бас сауғалап қашып жатқаны белгілі. Қиын-қыстау кезеңде біздің дипломаттарды елге қайтармауға қатысты да пікірін білдірді.

"Жалпы ол елдегі біздің елшіліктегі қызметкерлер саны сондай көп емес. Бәрін қосқанда 10-15 адам ғана болатын шығар. Оның үстіне, бұл жаққа өзге елдердегі елшіліктердегі секілді дипломаттарды отбасымен жібермейді. Шиеленіске байланысты онсыз да СІМ Ауғанстандағы елшілікті жартылай қысқартты", - деп атап өтті Ауғанстандағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі.

Бұған дейін елші қиын-қыстау кезеңдерде еліміз ауған халқынан қолынан келген көмекті аямағынан айтқан болатын. Саяси жағдайға араласпағанымен, табиғи апаттар, жер сілкінісі, зілзалалар кезінде гуманитарлық көмек жіберіліп тұратын. Сонымен қоса жыл сайын грант бөлініп, мыңдаған ауғандық студент тегін білім алатындығын атап өтті дипломат.