Донорлыққа марқұм туыстарының келісімі қажет - Елжан Біртанов

0
878

Әрбір мемлекет донорлық мәселесін өз дәстүрі, өз тарихы, өз дайындығы бойынша шешуі керек.


Донорлыққа марқұм туыстарының келісімі қажет - Елжан Біртанов

ERNUR.KZ. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне донорлық мәселесі туралы өзгерістер енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

«Транспланция - заң, медицина, технология ғана емес, үлкен этикалық мәселе. Көп мемлекеттерде бұл айтылуда. Кеше Ханс Клюге (ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры - ред.) мырза қазір Германияда осы мәселе Парламентте қарастырылып жатыр», - деді министр елордада өткен брифингте.

Оның айтуынша, әрбір мемлекет донорлық мәселесін өз дәстүрі, өз тарихы, өз дайындығы бойынша шешуі керек.

«Осыны ескере отырып, біз халық денсаулығы кодексі туралы заң жобасына өзгерістер енгіздік. Ең маңызды мәселе - қайтыс болған адам біздің базаларда өз ой-пікірін білдірмесе, ешқандай ақпарат болмаса, сол адамның туыстары келісім бергенде ғана, марқұм донор бола алады. Ал туыстары келісім бермесе, донор болмайды», - деді Елжан Біртанов.