Оның дүниеден өткенін қызы растаған.
сурет ашық дереккөзден алынды
ERNUR.KZ. Әнші, музыкант, “Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп жазады Stan.kz.
Оның дүниеден өткенін 25 қарашада қызы Stan.kz тілшісіне растаған. Әзірге неден көз жұмғаны белгісіз.
Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
1978 жылы "Дос-Мұқасан" ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салған.
Әнші 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды.
Музыкант 2010 жылы қайтадан "Дос-Мұқасан" тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.
Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.
Ақжол Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.